Жол апатына себеп болған жүргізуші куәлігінен 9 айға айырыла ма?

13 наурызда ҚР “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар” ресми қолданысқа енді. Соның ішінде халық арасында жаңа айыппұлдар мен өзгерістер жайлы әлеуметтік желілерде ақпарат кеңінен талқыланып жатыр (1, 2, 3, 4, 5). Ақпаратқа сай, егер жүргізуші жол апатына себепкер болса 9 ай жүргізуші куәлігінен айырылады дейді. Осы және өзге де өзгерістер туралы нақты деректерді Factcheck.kz тексеріп көрді.

  • Жол апатына себеп болған жүргізуші куәлігінен 9 айға айырыла ма?
  • Жол апатына себеп болған жүргізуші куәлігінен 9 айға айырыла ма?

Егер жүргізуші жол апатына түссе (ешкім зардап шекпесе), 9 айға куәлігінен айырылады.

Үкім: Манипуляция

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабына бірнеше өзгеріс енгізілді. Өзгеріске сәйкес, жол апаты бір жыл ішінде қайталанса не жәбірленушінің денсаулығына жеңiл зиян келсе – 9 айға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру не 40 АЕК айыппұл салу көзделген. Яғни егер жүргізуші жол апатына бірінші рет түссе әрі жәбірленушеге ешқандай зиян тимесе, тек айыппұлмен шектеледі.

Өзгеріске дейін адам зардап шекпесе де жол апаты болса алты айға дейінгі мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыру бөлігі болған, 13 наурыздан бастап бұл бөлік алынып тасталды.

Тағы қандай өзгерістер енгізілді? 

Сонымен қатар, көлік жүргізуге қатысты тағы бірнеше өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Олардың арасында:

  • Көлік салонынан басын шығару, есікті қозғалыс кезінде ашу немесе жүксалғышта отыру – 10 АЕК;
  • Темір жол өткелінен өту – 20 АЕК; Ал егер көлік құралдарының, жүктердің, жол құрылыс жайларының және өзге де мүліктің бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтірсе – тоғыз ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылады;
  • Жедел жәрдем мен полиция қызметкерінің көлігіне жол бермеген үшін – 20 АЕК, Егер бір жыл ішінде қайталанса – 40 АЕК.
  • Қарама-қарсы жолаққа шығу – алты ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылады; Егер көлік құралдарының, жүктердің, жолдардың, жол құрылысжайларының және өзге де мүліктің бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтірсе – тоғыз ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылады;
  • Сондай-ақ тұрақ ақысын төлемегені үшін айыппұл 3 АЕК-тен 1 АЕК-ке дейін төмендейді.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz