24 ақпанда Алматы соты ресейлік Тимофей Морозовты «Бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу» бабы бойынша кінәлі деп танып, 50 АЕК көлемінде айыппұл салды. Бұл туралы Азаттық Радиосы хабарлады.

Морозовтың айтуынша, полиция оның төлқұжатын алып, 25 ақпан таңертең қайтаруға уәде берген. Ол сот шешіміне келісетінін, шағым түсірмейтінін айтты.
Тимофей Морозов Қазақстанда 2024 жылдан бері тұрады. 24 ақпанда Алматыдағы Республика алаңына Украинаны қолдап, жалғыз өзі пикетке шықты. Морозов «Украина жеңеді. Ресей азат ел болады» деген жазуы бар плакат ұстап тұрды. Жарты сағатқа жуық уақыттан соң оны полиция алып кетті. Морозовты полицияда сегіз сағат ұстаған.
Басты беттегі сурет Азаттық Радиосынан алынды.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.