Алматы әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі соты «Феминита» бастамасының белсендісі Гүлзада Сержанға 393 мың теңге көлемінде айыппұл салды. Сот процесі онлайн өтті. Бұл туралы «Власть» басылымы хабарлады.
Белсендіге әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 489-бабының 9-бөлігі бойынша «тіркелмеген немесе қызметі тоқтатылған не тыйым салынған қоғамдық, діни бірлестіктерді басқарды» деген айып тағылды. Адвокат Ғалым Нұрпейісов сот отырысына дейін белсендіге іспен танысу үшін хаттама берілмегенін айтты.
13 ақпанда да қазақстандық ата-аналар одағының белсенділері «Феминита» тобының адам құқығы жөніндегі шарасына кіріп келіп, жиынға кедергі келтірген. Полиция алдымен Гүлзада Сержан мен Жанар Секербаеваны оқиғаға қатысты түсініктеме аламыз әкеткен. Бірақ оларға әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс қозғамақ болған.
14 ақпанда Қазақстандық ата-аналар одағы «Феминита» ұйымының тағы бір жабық іс-шарасына кедергі келтіріп, шырқын бұзды. Белсенділердің жазуынша, Бағила Балтабаева бастаған бір топ адам шара өтіп жатқан жерге келіп, есікті сындырмақ болған.
Басты беттегі сурет «Власть» басылымынан алынды.