1,9 млннан астам шетелдегі алаяқтардың қоңыраулары бұғатталғаны рас па?

Қыркүйектің 5-і өткен сенаттың жалпы отырысында, сенатор Әсем Рахметова ІІМ «Қазақтелеком» жүргізген өзара іс-қимыл нәтижесінде Антифрод жүйесімен 1,9 млн теңгеден астам шетелдегі алаяқтардың қоңырауы бұғатталғаны жөнінде дерек айтты. Сенат депутатының осы және өзге де мәлімдемесін Factcheck.kz тексеріп көрді.

Мәлімдеме уақыты: 42:50

Мәлімдеме: ІІМ «Қазақтелеком» жүргізген өзара іс-қимыл нәтижесінде Антифрод жүйесімен 1,9 млннан астам шетелдік алаяқтық қоңыраулар бұғатталды.

Сенат депутаты Әсем Рахметова

Үкім: Шындық

2024 жылдың сәуірінде жариялаған ІІМ-нің дерегіне сәйкес, министрлік «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп, шетелдегі алаяқтардың қоңырауларын анықтайтын жаңа әдіс енгізген. Жыл басынан сәуірге дейін 2 миллионнан астам қоңырау бұғатталған.

Министрлік дерегіне сенсек, IP мен SIP телефонияны пайдаланатын шетелде орналасқан алаяқтар Қазақстан азаматтарының қалалық абоненттік нөмірлеріне қоңырау шала алмайды. Арнайы жүйе олардың қоңырауларын танып, бірден бұғаттайды. Жыл басынан бері екі миллионнан астам осындай қоңырау бұғатталған.

IP телефония – қазіргі күні қолданыста жүрген негізгі байланыс жүйесінің бірі. Аудио және бейне қоңыраулар үшін сымсыз интернет желісі арқылы байланысатын қоңырау. Ал, SIP телефония бұл, IP телефонияныға тиесілі интернет қоңыраудың күрделенген сервисі.

Мәлімдеме: Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және ұялы байланыс операторларымен ауыстырылатын нөмірлерден «шетелдік» қоңырауларды бұғаттау бойынша бірлескен жұмыс жалғасуда, нәтижесінде «ауыстырылатын нөмірлерден» жасалған 58 млн қоңыраудың жолы кесілді.

Сенат депутаты Әсем Рахметова

Үкім: Шындық

Цифрлық даму министрлігінің ұялы байланыс операторлармен бірге жүргізген статистикасына сәйкес, 2024 жылдың сәуіріне дейін ауыспалы нөмірлерден түсетін 45 млн қоңырауларға тосқауыл қойылған. Ал ІІМ-нің 2024 жылғы жарты жылдың қорытындыссында ауыстырылған нөмерлермен жасалған 58 млн алаяқтық қоңыраудың жолы кесілгені айтылды.

Ауыстырылған нөмірлер — бұл қоңырау шалған нөмірді және телефон нөмірінің иесінің өзге де ақпараттарын ауыстырып көрсету. Қоңырау жергілікті елге тиесілі болып көрінуі мүмкін, алайда басқа елдерден жасалады. Бұл қоңырау түрін көбініесе интернет алаяқтар қолданады.

Мәлімдеме: Ұлттық Банкпен ынтымақтастықта жасалған «Антифрод-орталықты» құру 395 млн теңгені шетелге шығару сатысында бұғаттауға мүмкіндік берді.

Сенат депутаты Әсем Рахметова

Үкім: Шындыққа жақын

ІІМ-нің дерегіне сәйкес кейінгі жарты жылда алаяқтардан 380 миллион теңге бұғатталған. Бірақ, деректерде ұлттық банк пен антифрод-орталығы туралы айтылмайды. Ал, ұлттық банктің антифрод-орталық құру туралы 2024 жылдың тамызындағы баяндамасында алаяқтық операциялар бойынша 400-ге жуық факті анықталып, 30 миллион теңгеге жуық қаражат бұғатталғаны жөнінде дерек келтірілген.

Антифрод-орталығы — алаяқтық белгісі бар операцияларға қарсы әрекет ету үшін құрылған орталық. Ұлттық банктің мәлімдеуінше бұл орталық алаяқтыққа тән операцияларды анықтауға және бұғаттауға, алаяқтық белгісі бар операцияларға жедел әрекет етуге, оның қатысушылары арасында нақты уақыт режимінде ақпарат алмасуға да мүмкіндік береді. 

Журналист-фактчекер

Factcheck.kz