Зомби фейк | Америкалықтар пандемия кезінде намазға жығылды

Осы уақытқа дейін коронавирусты ислам дінімен байланыстыратын көптеген фейк тарады. “Қытай, Италия халқы коронавирусқа байланысты ислам дінін қабылдапты”, “ҚХР басшысы мешітке барыпты” деген сияқты қауесеттерді біз бұған дейін тексеріп, фейк екенін жазғанбыз.

Енді “Америка халқы Конгресстің алдында жаппай намаз оқып жатыр, өздерінің қателіктерін түсінді” деген сияқты қаңқу сөздер және Вашингтондағы Конгресстің алдында намаз оқып жатқан адамдардың видеосы бөлісіліп жатыр. Factcheck.kz бұл ақпаратты да тексеріп көрді.

Зомби фейк | Америкалықтар пандемия кезінде намазға жығылды

Америка халқы Құдайдан коронавирустың кетуін тілеп, Конгресстің алдында жаппай намаз оқып жатыр.

WhatsApp-ғы хабарлама

Үкім: Зомби фейк

Бұл видеоның коронавирусқа мүлде қатысы жоқ. Расымен де Конгресстің алдында намаз оқып жатқан адамдарды көреміз, алайда оқиға 2009 жылдың 25 қыркүйегінде болған. Бұл датаның жұмаға сәйкес келгенін ескерсек, адамдар жұма намазын оқып жатуы мүмкін.

Осыған ұқсас оқиғалар бұрын да болған. Бір видеоның араға жылдар салып қайта шығуы дағдарыс (коронавирусқа қатысты) кезінде жиі қайталады.

Factcheck.kz сайты осы орайда оқырмандарға қалай манипуляция құрбанына айналмау керектігі жайында бірнеше кеңес ұсынады:

  • Әртүрлі топтардан әрі адамдардан келген видео және фотоны таратуға асықпаңыз;
  • Фото әрі видеодағы детальдарға және сапасына назар аударыңыз;
  • Келген [мессенджерден] видео немесе фотоның ең алғаш қайда шыққанын анықтап көріңіз, ол үшін мына қосымшаларды пайдаланыңыз: Google, Yandex Image search, TinEye немесе InVid бағдарламалары;
  • Ішіндегі фактілерді ресми органның мәліметтерімен салыстырыңыз;
  • Видеода немесе фотода күдікті мәліметтер болса бірден Factcheck.kz редакциясына немесе әлеуметтік желідегі парақшаларына хабарласыңыз, міндетті түрде жауап береміз.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz