Туиттер Трамптың жазбасын тағы да фейк деп атады

Укринформның хабарлауынша, жексенбіде Туиттердің қауіпсіздік қызметі Ақ үй басшысының хабарламасына тиісті белгіні қойды.

Жазбадағы «адамдарды адастырады» деген белгі Трамптың сайлау жайлы жазған туитінде пайда болды. Ол «енді демократтар дауыс беру жәшіктерін пайдаланады, бұл сайлаушылардың қауіпсіздігі үшін дұрыс емес. Сонымен қатар, олар адамға бірнеше рет дауыс беруге мүмкіндік береді» деген еді.

Осыған дейін әлеуметтік желі Трамптың туиттерін бірнеше рет «жалған мәлімдеме» деп тапқан болатын. Мамыр айында Туиттер алғаш рет АҚШ президентінің екі хабарламасын оқырмандарды адастырады деп атаған еді.

Бұл оқиғадан кейін Трамп әлеуметтік желіні сайлауға араласуға тырысты деп айыптады.