Сауд Арабиясы белсенділердің твиттер аккаунттарын бұзып кірді

Washington Post сайтында журналист, блогер Омар Абдулазиздің мақаласы жарияланды. Журналистің айтуынша Сауд Арабиясы үкіметі белсенділердің твиттер аккаунтын бұзып кірді.

Сауд Арабиясы белсенділердің твиттер аккаунттарын бұзып кірді
Омар Абдулазиз
сурет cbc.ca сайтынан алынды

Үкімет жергілікті пікір көшбасшыларының аккаунттарын бұзған және профилдерінде үгіт-насихат мазмұндағы ақпарат таратуға мәжбүрлеуде. Талапты орындамаған жағдайда белсенділердің профилінде өздері қалаған ақпаратты жариялайтынын айтып, қорқытуда.

Белсенділердің жеке парақшаларын бұзып кіру үшін Сауд Арабиясының арнайы қызметі Израильдің NCA Group компаниясы сатқан софтты қолданылған.

Сауд Арабиясының азаматтарына бағытталған онлайн-науқандарға қарсы күресте Абдулазизге журналист Джамал Хашогги көмектескен еді. Хашогги Сауд Арабиясы мен басқа араб әлемінде қоғамдық пікір қалыптастырудағы твиттердің күшін мойындап, үкіметті сынады.

Джамал “электронды аралар” деп аталатын тролльдермен, шындықпен, идеялармен және пропагандамен күресуге дайын болды. Сол себепті оны өлтірді. Бірақ біз Сауд Арабиясы және ханзада Мұхаммед бен Салман сыншыларды онлайн бақылауға және аузын жабу үшін қандай шара қолданатынын зерттеуге дайынбыз.

Омар Абдулазиз
Сауд Арабиясы белсенділердің твиттер аккаунттарын бұзып кірді
Джамал Хашогги
сурет thetimes.co.uk сайтынан алынды

Өткен аптада Әділет министрлігі компанияның платформадағы диссиденттер туралы ақпаратына қол жеткізіп, Twitter-дің бұрынғы екі қызметкерін Сауд Арабиясына тыңшылық жасады деп айыптады. Айыпталған екі қызметкердің бірі Омар.

Ханзада Мұхаммед бен Салман билікке келгенге дейін твиттер саудтықтар үшін ойын еркін білдіретін платформа болды. Абдулазиздің айтуынша, елде көңіл көтеруге арналған мекемелер, орындар, шаралар өте аз. Сондықтан твиттер тұрғындар үшін өмір, саясат туралы ой толғауға, қуғынға ұшырағандармен сөйлесуге және қажетті ақпарат алатын жалғыз жер еді.

2017 жылдың қыркүйек айында Сауд Арабиясында 100-ден астам твиттер-инфлюенсер тұтқындалды.

Factcheck.kz