Facebook, Instagram және Linkedin’нің 150 млн пайдаланушысының жеке дерегі тарап кетті

Деректер базасында пайдаланушының аты, профильге сілтеме, электронды пошта, елдер және жазылушылар туралы ақпарат бар. Сонымен қатар пайдаланушының телефон нөмірі де тарап кеткен. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

DLBI ақпараттың тарап кету барлау қызметінің негізін қалаушы Ашот Оганесянның айтуынша Instagram Facebook , LinkedIn’нің 150 миллионнан астам пайдаланушының деректері тарап кеткен.

Соның ішінде Facebook пайдаланушыларының 81 миллионнан астам профилі, LinkedIn пайдаланушыларының 66 миллионнан астам профилі және Инстаграмның 11 миллионнан астам профилі бар.

Өткен аптада ақпараттық қауіпсіздік мамандары Twitter және Weibo әлеуметтік желілерінің 200 миллион пайдаланушысының деректері бар серверді анықтады. Кейінірек 57 миллион LinkedIn пайдаланушысының деректері бар серверді тапты.

Оқи отырыңыз:

Factcheck.kz