Джеки Чан короновирус жұқтырғаны рас па?

Шетелдік БАҚ танымал Голливуд актерының короновирус салдарынан карантинге жабылғанын жазуда. 8days сайтының журналистері Джеки Чанға қатысты тараған ақпараттың рас-өтірігіне қатысты материал жариялады.

Кей шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша Джеки Чан карантинге жабылған. Себебі 59 адам қатысқан мерекелік кеште, бір адамда короновирустың COVID-19-ға байланысты диагноз қойылғаны хабарланған. Бұл туралы қазақстандық БАҚ-та жазып жатыр.

Алайда, көп ұзамай актер мен вирус жұқтырған адам (әріптестерімен отставкаға кеткенін атап өткен полиция қызметкері) бір мерекеде емес, әртүрлі іс-шарада болғаны белгілі болды.

Басылымның хабарлауынша Джеки Чанға қатысты фейк ақпарат алғаш әлеуметтік желіде тарай бастаған. Вирус жұқтырған офицер Гонконгтың батыс аймағында орналасқан мейрамханада болса, Джеки Чан мен оның достары Коулон деп аталатын басқа аймақтағы Yat Chuen Garden City клубында болған.

Google Maps мәліметтері бойынша, екі аймақ бір-бірінен шамамен жарты сағаттық қашықтықта орналасқан. Актер өзінің веб-сайтында және Instagram парақшасында тарап жатқан ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.

Төлепберген Маликов
Төлепберген Маликов. Байқоңыр қаласында туған. Сулейман Демирел университетінде журналистика мамандығы бойынша оқиды. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.