Дүниежүзілік банк карантинді 2025 жылдың наурызына дейін созғаны рас па?

Әлеуметтік желілерде коронавирустың жаңа штаммының пандемиясына байланысты Дүниежүзілік карантин 2025 жылдың 31 наурызына дейін жалғасады деген ақпарат тарай бастады. Бұл жолы пайдаланушылар “фактіні” «Дүниежүзілік Банктің Covid-19-ға стратегиялық дайындық және әрекет ету жобасымен» растап отыр.

Бұл ақпарат неліктен жалған?

Дүниежүзілік Банктің құжатында локдаунды бес жылға ұзартуды жоспарлап отырғаны туралы ешқандай мәлімет жоқ. Жобада пандемияның әлемдік экономикаға, әлеуметтік салаға және денсаулық сақтау саласына ұзақ мерзімді салдарын еңсеру туралы, сондай-ақ олармен күресу жолдарын сипатталған.

Бес жыл ішінде іске асуы тиіс бұл жоба бес кезеңге жоспарланған:

  • әлемде коронавирустың таралуын бәсеңдетуге және одан болатын өлім-жітімді азайту;
  • Ұлттық мемлекеттік институттарды нығайту;
  • Денсаулық сақтау және әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыру;
  • Пандемия қаупі туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру жөніндегі науқан;
  • Жобаны іске асыру

Құжатта тағы бір жаппай карантин енгізу немесе жоспарлау, локдаун туралы ешқандай мәлімет жоқ. Әлеуметтік желіде тараған құжатта әр кезеңнің аяқталуы тиіс мерзімі көрсетілген.

Дүниежүзілік банк карантинді 2025 жылдың наурызына дейін созғаны рас па?
Factcheck.kz