Canon фотожурналистерге арналған сайт ашты

Canon фейк фотолармен күресу мақсатында фотожурналистерге арнап сайт ашты. Бұл туралы Adweek хабарлайды.

Сайтта фотографтар фоторепортаждарын жүктеп, олардың тарихы туралы айтып бере алады. Осылайша Canon компаниясы фотофейктермен күресуге тырысады. Себебі компанияның айтуынша фотофейк жасаушылар көбіне суреттің мағынасын, тарихын бұрмалайды.

Canon фотожурналистерге арналған сайт ашты

Сайт Truthmark деп аталады. Сайттың атауы камераның атақты моделінің құрметіне қойылған.

Фотожурналистер сайтқа өз фоторепортаждарын жүктеп, авторлық құқыққа ие бола алады. Суреттер автордың рұқсатынсыз таратылмайды және басқа пайдаланушыларға берілмейді.

Factcheck.kz