Бақытжан Сағынтаев оқушылар жайлы желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды

Әлеуметтік желілерде педагогикалық жоғары оқу орындарының түлектері бірінші сынып оқушыларын оқытатынын жайлы ақпарат тарады. Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Алматы Білім беру қызметкерлерінің форумында сөйлеген сөзінде Б.Сағынтаев кезекші топтарда 1-2 сынып оқушыларымен тәжірибелі мұғалімдер жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Бірінші сынып оқушыларының ата-аналары өз балаларымен тәжірибесіз түлектер немесе педагогикалық жоғары оқу орындарының соңғы курс студенттері жұмыс істейді деп қауіптенді. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған балалармен тәжірибелі мұғалімдер жұмыс істеуі керек екені рас. Білім басқармасына тиісті тапсырма беремін

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев
Factcheck.kz