Алматыда «Жусан иісі» деректі фильмінің тұсаукесері өтеді

20 қараша күні сағат 12:00-де Тұран университетінде (акт залы, 3 қабат) Жұлдыз Төлеуованың «Жусан иісі» деректі фильмінің тұсаукесері өтеді.

Аталмыш фильм желісі мемлекеттік «Жусан» операциясымен Сириядағы соғыс алаңынан оралған қазақ жастары жайында. Бүгінге дейін еліміздің бірнеше қаласында көрсетілген деректі фильм ертең Алматы көрермендеріне ұсынылатын болады.

Фильмді түсіруге АҚШ-тың Бейбітшілік институты, PeaceTech Lab және MediaNet Халықаралық журналистика орталығы қолдау көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік,

«Жусан» операциясы үш кезеңнен тұрды. Операция барысында Сириядағы балалар мен әйелдер елге оралып, біразы оңалту орталықтарына орналасқан еді.

«Жусан-1» операциясы барысында 47 азамат, «Жусан-2» операциясы аясында 231 азамат, «Жусан-3» операциясымен 238 азамат елге эвакуацияланды.

Сулейман Демирел университетінің журналистика мамандығы бойынша оқиды. "Ұлан" газетінің штаттан тыс тілшісі. 2019 жылдан бастап factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz