АҚШ әскері беймәлім ұшқыш нысанын ұстады ма?

2023 жылғы тамызда интернетте үш “ұшатын табақшаның” видеосы тарады. Ол Нью-Мексико аспанында ұшып жүр деседі (мұнда, мұнда және мұнда). Желі қолданушылары “видеода Невада штатындағы шөлдің үстінен ұшып жүрген, бірақ кейін америкалық F-22 Raptor әскери ұшағы ұстаған беймәлім ұшқыш нысаны бейнеленген” деп мәлімдеді. Snopes фактчекерлері ақпаратты тексеріп көрді.

АҚШ әскері беймәлім ұшқыш нысанын ұстады ма?

Бұл видеоны алғаш болып TikTok-тағы @iceman_fox1 парақшасы жариялады. Оның сипаттамасында: “ШҰҒЫЛ АҚПАРАТ: АҚШ-тың F-22 Raptor ВВС-і Невада шөлі аспанынан үш БҰН-ды ұстады”,- делінген.

Алайда автор соңында “Digital Combat Simulator арқылы түсірілген” деп айтқан. Осылайша, бейне Digital Combat Simulator (DSC) видео ойыны арқылы жасалған болып шықты. Онда шынайы нысан бейнеленбеген.

Дәл осы кадр @iceman_fox деген Instagram парақшасына тура сол сипаттамамен жарияланды. Вирустық видеоны автор YouTube-арнасына да жүктеген, бірақ онда оның ойын арқылы жасалғанын жазбаған.

Оған қоса фактчекерлер тексеріп, DCS ойынының сюжетінде шынымен-ақ БҰН бар екенін анықтады.

Factcheck.kz