Өтірікке қарсы тұрыңыз

Factcheck.kz “Шындыққа әркімнің-ақ бар таласы” атты краудфандинг компаниясын іске қосты. Енді әр қазақстандық жалған ақпаратпен күреске өз үлесін Kaspi.kz бағдарламасы немесе Robocassa сервисі арқылы қоса алады. 

Көпшілікке арналған оферта

Коронавирус пандемиясы шын әрі сенімді ақпараттың жетіспейтіндігін айқындады. Әлемдік инфодемия COVID-19-дан да жылдам таралып, азаматтардың алдануына әкеп соқтырды. Төтенше жағдай кезіндегі жалған ақпарат адамдарда үрей мен қорқыныштың, сенімсіздік пен күдіктің арттырды. Салдарынан азаматтар адастыратын шешімдер қабылдап, арты орны толмас өкінішке әкеліп жатты.

Factcheck.kz – Қазақстан мен Орталық Азиядағы ақпараттың рас-өтірігін анықтауға маманданған алғашқы тәуелсіз ресурс. Соңғы үш жылда сайт күн сайын түрлі мифтер мен фейктерді анықтап, ел алдында жүрген азаматтардың мәлімдемелерін тексеріп келеді. 

Инфодемия кезінде редакцияға түсетін ауыртпалық та еселеп артты. Фейктерді күнделікті мониторинг жасау және тексеру қосымша күш пен ресурсты талап етті. Оқырмандарымыздан “мынаны тексеріңіздерші” дейтін өтініштер де көбейді: олардың басым көпшілігі WhatsApp арқылы таралған еді. Ақпараттың рас-өтірігін анықтау қиын әрі табандылықты қажет етітін жұмыс. Ендеше бізді қолдауға асығыңыз!

Жобаны қалай қолдауға болады?

Өзінің бейтараптығы мен тәуелсіздігін сақтау мақсатында Factcheck.kz ірі компаниялар мен мемлекеттен, саяси топтардан жарнама және өзге де тапсырыстар алмайды. Бұл біздің ұстанымымызға қарсы. Оқырмандарымызға сатқындық жасай алмаймыз. 

Ал дәл қазір біз өзіміздің оқырмандарымыздан көмек күтеміз. Сіздердің жинаған қаржыларыңыз журналист-фактчекерлердің, аудармашылар мен команданың өзге де мүшелерінің ақысын төлеуге жұмсалады. Тек сіздердің көмектеріңіз арқылы біздің журналистер жалған ақпаратпен, өтірікпен алаңсыз күресе алады. 

Әркім тексерілген, сенімді әрі шын ақпарат алуға құқылы екеніне сеніміз. 

Халықтың жобасына айналған сайтты Kaspi.kz бағдарламасы арқылы қолдауға болады. Бағдарламаның “Платежи” бөліміне кіріп, “Благотворительность” батырмасын басып,  Factcheck.kz сайтын таңдаңыз.

Белсенді демеушілерге бізден арнайы сыйлықтар мен тосын сыйлар қарастырылған. 

Шотымызға түскен қаржы жайлы сайттағы арнайы парақшада жариялап отыратын боламыз. 

Қазақстандағы жалған ақпаратпен күреске қолдау білдіргені үшін Kaspi.kz-ке алғыс білдіреміз. 

Бөлісу
Factcheck.kz