Қазақстан Орталық Азияда суицид бойынша шынымен көшбасшы ма?

«Қазақстан өз-өзіне қол жұмсау саны бойынша Орталық Азиядағы рейтингте бірінші орынға шықты» деген мәлімет «Орталық Азиядағы суицид: Қауіп-қатерлер мен қорғау факторларын жүйелі зерттеу» дәрісінде айтылды. Дәрісті Хьюстон-Даунтаун университетінің (АҚШ) оқытушысы Шахназ Савани 2019 жылдың шілде айында Душанбе қаласында өткізген еді. Кейін бұл ақпаратты БАҚ іліп алып, ары қарай таратты.

Үкім | Жартылай шындық

Ресми ақпаратқа сәйкес, Қазақстан суицид саны бойынша, Орталық Азияда, расымен, көш бастап тұр, алайда нақты дерек жоқ.

ДДСҰ-ның 2000-2016 жылдардағы мәліметтері бойынша Қазақстанның көрсеткіштері Орталық Азияның басқа елдернінен бірнеше есе көп.

 

Global Health Data Exchange деректеріне де сәйкес, Қазақстан ОА-да суицид саны бойынша көш бастап келеді, олардың ішінде атыс қаруы мен басқа да тәсілдер арқылы өзіне-өзі қол жұмсау бар. Global Health Data Exchange деректері ОА-дағы өлім себептері бойынша ДДСҰ-ның өлім туралы деректеріне негізделеді.

Қазақстан Орталық Азияда суицид бойынша шынымен көшбасшы ма?
Қазақстан Орталық Азияда суицид бойынша шынымен көшбасшы ма?

Алайда, суицид саны бойынша нақты ақпарат жоқ екенін есте сақтау керек. Factcheck.kz оның мәнін бұған дейін түсіндірген болатын:

  • Біріншіден, ДДСҰ-ға өлім түрлері мен себептері бойынша толық статистиканы барлық елдер ұсынбайды. Нақты мәліметтердің жоқтығы кейде дұрыс әдістемелердің болмауына байланысты. Ал Қытай, Үндістан немесе Солтүстік Корея сияқты кей елдерде суицид және өз-өзіне қол жұмсауға әрекет, тіпті, заңмен жазаланады, сондықтан нақты әрі толық статистика туралы сөз қозғау бос әурешілік. Ұйымға кіретін 172 елдің тек 60-ы ғана толық мәліметтер ұсынады, олардың ішінде Қазақстан да бар. Ал әлем бойынша 71% суицидке жауапты 112 ел үшін мәліметтерді арнайы модельдеу есептері негізінде ұйымның өзі есептеп шығарады.
  • Екіншіден, суицидтердің бір бөлігі тиісті топқа кірмеуі де мүмкін. Мысалы, олар абайсызда өлім, кісі өлтіру немесе белгісіз себептер бойынша өлім сияқты топтарға өтіп кетуі мүмкін.
  • Үшіншіден, өз-өзіне қол жұмсау фактісін тіркеу үшін дәрігерлердің және құқық қорғау органдардың үйлесімді жұмысы қажет.

Құқықтық статистика комитеті бөлімінің прокуроры Ержан Жұмабековтың айтуынша, медициналық қорытынды бойынша өлім туралы куәлікте себеп ретінде суицид көрсетіліп, бірақ кейін полиция қайтыс болған адамның өз-өзіне қол жұмсамағанын анықайтын жағдайлар да болады. Сондай кезде құқықтық органдардың құжаттарында өлімнің себебі басқаша, ал медициналық статистикада «суицид» деп қала береді.

Айтпақшы, ДДСҰ тек медициналық куәліктерге негізделген деректерді пайдаланады.

Тағы бір маңызды жағдай – суицидтер бойынша статистиканы жинаудағы әдістердің айырмашылығы. Себебі ол әр елде әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан Қазақстан үшін ДДСҰ мәліметтері құқықтық статистика комитетінің мәліметтерімен сәйкес келмеуі мүмкін.

ДДСҰ-ның өзі атап өткендей, мұндай айырмашылық жоқ емес: мысалы, 2012 жылы толық мәліметтер ұсынған 60 елде суицид санындағы айырмашық 100 000 адамға шаққанда 0,89-ден 28,85-ке дейін болған.

Журналист, фактчекер, фотограф. Автор factcheck.kz c 2017 года.

Factcheck.kz