БIЗ ТУРАЛЫ

Factcheck.kz командасы – әлеумет, экономика, мәдениет, саясат және тағы да басқа салалар бойынша тәжірибесі бар, елдегі тұңғыш фактчекинг ресурсын ашу жөнінде шешім қабылдаған кәсіби журналистер тобы.

Жобада штаттағы және штаттан тыс авторлар бар, олардың арасында жетекші ақпарат агенттіктерінің журналистері мен әр саланың эксперттері де бар.

Жобаның негізгі міндеті – ақпарат құралдарында жарияланған ақпараттың, әлеуметтік желідегі жазбалардың және ел алдында жүрген тұлғалардың мәлімдемелерінің  рас-өтірігін тексеру. Сайттағы мақалалар қазақ және орыс тілдерінде жарияланады. Болашақта басқа да тілдер қосылады.

Қазақстандағы алғашқы фактчекинг ресурсы оқырманға сенімді дереккөзден тексерілген және тәуелсіз ақпарат алуға мүмкіндік беріп, атышулы мәлімдеме жасауға құмар тұлғалардың тарататын ақпаратына барынша мұқият болуына септігін тигізер деген сеніміміз бар.

 

Бізді кімдер қолдайды?

Редакция мақалалардың ішінде заңға қайшы ақпараттарды таратуға және насихат немесе жарнама түріндегі материалдарды жариялауға үзілді-кесілді қарсы. Мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор және коммерциялық ұйымдар мен бұл жобаның арасында ешқандай келісімшарт немесе ауызша міндеттеме жоқ.

Жобаның бастапқы кезеңінде «Сорос-Қазақстан Қоры» КҚ қолдау көрсетті, алайда редакция біртіндеп бюджетті диверсификацияламақ.

 

Фактчекингке кім қатыса алады?

Кез келген оқырман, журналист, блогер, эксперт «Кері байланыс»» түймешесін басу арқылы бізге өз ұсынысын, ескертпелерін және комментарийлерін жібере алады. Диалогқа, әріптестікке және өз-өзімізді жетілдіруге әрдайым дайынбыз.

Қандай принциптерді басшылыққа аламыз?

Жұмыс барысында біз International Fact-Checking Network (IFCN) – Халықаралық фактчекинг желісінің принциптеріне сүйенеміз. Атап айтқанда:

— ӘДІЛДІКТІ ЖӘНЕ ТУРАЛЫҚТЫ ҰСТАНАМЫЗ
Әр фактіні бірегей стандартқа сай жан-жақты тексереміз. Тараптардың біріне бұра тартпаймыз. Әр тексеру кезінде бір процеске бағынамыз және дәлелдемелерді түйінде келтіруге тырысамыз. Өзіміз тексеретін мәселелер бойынша ешкімді қорғамаймыз немесе белгілі бір саясатты ұстанбаймыз.

— АШЫҚ ДЕРЕККӨЗДЕРГЕ СҮЙЕНЕМІЗ
Біздің нәтижелерімізді оқырман өздігінен тексере алғанын қалаймыз. Біздің жұмысымызды бақылай алуы үшін барлық дерек көздерін егжей-тегжейлі келтіреміз, тек дереккөздердің жеке басының қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда ғана оны жария етпейміз. Ондай жағдайда мейлінше детальдарды көп беруге тырысамыз.

— ҚАРЖЫ КӨЗІ ЖӘНЕ ҰЙЫМ ТУРАЛЫ АШЫҚТЫҚТЫ ҰСТАНАМЫЗ
Қаржыландыру көзін ашық айтамыз. Егер басқа ұйымдардан қаржы алатын болсақ, инвесторлардың біздің есебімізде келтіретін қорытындыға ешқандай ықпалы болмайтынына кепілдік береміз. Ұйымдағы барлық негізгі тұлғалардың кәсіби деңгейі туралы ашық айтамыз және ұйымның құрылымы мен құқықтық мәртебесін де ашық түсіндіреміз. Кері байланыс тәсілін де анық-қанық көрсетеміз.

— АШЫҚ ӘДІСТЕМЕГЕ ЖҮГІНЕМІЗ
Ақпарат және зерттеу нысанын таңдау кезінде пайдаланатын әдістемені ашық түсіндіреміз, фактілерді тексергеніміз жөніндегі есепті жазамыз, редакциялаймыз, жариялаймыз және түзетеміз. Тексерілуі тиіс фактілер көрсетілген хаттарды оқырманнан да күтеміз және фактілерді тексерудің себебі мен тәсілін де ашық көрсетеміз.

— ТҮЗЕТУЛЕР ЕНГІЗУДЕ АШЫҚТЫҚҚА ЖӘНЕ ӘДІЛДІККЕ СҮЙЕНЕМІЗ

Түзетулер жариялаймыз және осы орайдағы саясатты нық ұстанамыз. Өзіміздің саясатымызға сай, түзетулерді анық және ашық келтіреміз, оқырманға тексерілген нұсқаны ұсыну үшін барымызды саламыз.
Құрметпен, редакция.