Ғаламшардағы көлдің көбі Канадада екені рас па?

Интернетте “Көлдің көбі Канадада. Әлем елдеріндегі барлық көлдің саны ондағыға жетпейді” деген мәлімдеме тарады. Snopes фактчекерлері деректі тексерді.

Канада үкіметінің және Hydrolakes ғылыми дерек қорының мәліметінше, Канадада кемінде мыңнан астам көл бар. Оның ішінде 563-інің аумағы — 98 шаршы шақырым.

Канададағы көлдердің жалпы ауданы әлемдегі кез келген басқа елдердегіге қарағанда үлкен. Сонымен бірге АҚШ пен Канаданың шекарасында орналасқан бес Ұлы көлдің өзінде дүниежүзіндегі тұщы көл суының 18%-і қамтылған.

Алайда “Канададағы көлдер дүниежүзі елдеріндегі барлық көлді қосқандағы санынан көп” деген мәлімдеме жалған.

Hydrolakes дерегі бойынша, Канадада 863 550 көл бар. Олардың жалпы аумағы — 4046 шаршы метр. Ал әлемнің басқа елдеріндегі көлдердің саны бұдан үш есе көп (3,4-тен 117 миллионға дейін. Су қоймасына байланысты аумағы басқаша болуы мүмкін. Ғылым көл аумағын әлі нақты есептей алмайды).

Factcheck.kz