Видеода шын аю емес, костюм киген адам бейнеленген бе?

Жақында Weibo желісінде Шығыс Қытай зообағындағы аюдың видеосы тарады. Бір қызығы, ондағы аю арқасын тік ұстап тұрған, терісі де қатпарланып қалған. Адамдар бейнеде шын аю емес, аюдың костюмін киген адам бейнеленген деп топшылады. Алайда зообақ өкілдері видеода шын жануар екенін айтты. Бұл туралы CNN хабарлады.

Хуанчжоу зообақ өкілдері адамдарға түсінікті болуы үшін әзіл ретінде видеодағы Анжела деген аюдың атынан үндеу хат жариялады.

Мен Анжела деген күн аюымын. Кеше жұмыстан соң бастығым хабарласып “ерініп, жұмыстан қашып, орныңа басқа адам тауып алмадың ба?” деп сұрады. Тағы бір мәрте ескертейін. Мен қара аю да, ит те емес, күн аюымын, – делінген үндеуде.

Аюдың көп түрі артқы аяқтарында тұра алады, бірақ күн аюы қоршаған ортаны зерттеу үшін басқаларға қарағанда биігірек, тіке тұра алады. Тіпті аюдың ұрғашылары тік тұрып, алдыңғы екі аяғымен балаларын ұстап жүреді, құдды адам дерсіз. Осыдан адамдар шатасқан болса керек”, – деді жабайы табиғатты зерттеуші Воң Сью Те CNN-ге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, күн аюының қатпарланған терісі жабайы аңдардан қорғануға, қатты жарақаттанбауға көмектеседі.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz