Видеода араб-израил қақтығысы бейнеленген бе?

Араб-израилдың 7 қазандағы қақтығысынан кейін әлеуметтік желіде түрлі видео тарады. Кейбірі шынымен оқиғаға қатысты болса, енді бірі — фейк. Agence France Press қақтығысқа мүлдем қатысы жоқ роликті анықтады.

Көпшілік арасында тараған видеода екі тікұшақ ұшып бара жатқаны көрсетілген. Кейін оларды зымыран атып түсіреді.

«Газаны бомбалаған израилдық тікұшақтар атып түсірілді. Израильдықтар 4 тікұшақ атып түсірілгенін айтты», – делінген 2023 жылғы 8 қазанда Instagram парақшасына жарияланған постта.

Тағы бір жарияланған жазбаның сипаттамасы да осыған ұқсас: “Палестиналық содырлар Газа секторында Израильдың 4 тікұшағын атып түсірді”.

Кейбір комментатор видеода нақты оқиға бейнеленген деген пікір білдірсе, енді біреулері бұл ARMA 3 ойынынан алынған көрініс деп жазды.

Шынында да, фактчекерлер бұл видеоның Палестина-Израиль қақтығысы жаңадан басталмай тұрып, 2023 жылғы 3 қазанда YouTube-қа жарияланғанын анықтады. Бейненің астында: «Әуе қорғанысы жүйесі екі жауынгерлік тікұшақты атып түсірді — ARMA» деп жазылған.

Бейне «Arma 3 ойын редакторында жасалған» геймплей бейнелері орналасқан Kazinkka Warrior арнасына жарияланған. Арна сипаттамасында бірде-бір бейне нақты ұрыс қимылын көрсету үшін орналастырылмағаны айтылған.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz