Human Meat Project каннибализм туралы сайт па?

Reuters Fact Check ағылшын тіліндегі Human Meat Project (“Адам еті” жобасы) сайтының каннибализмге қатысы бар-жоғын анықтады.

Facebook-те сайт скрині жарияланды. Ондағы мәтінде: “Әлем енді сәтсіздікке ұшырамайды деп ойлағаныңызда, Google Human Meat жобасы аясында жануар еті орнына адам етін ұсынады” , – деп жазылған.

Осыған ұқсас тағы бір жазба жарияланған. Қолданушылар “Жиіркенішті”, “Құсқым кеп кетті”, “Ақылға қонымсыз нәрсе” деп пікірлерін жазды.

Дегенмен Human Meat Project веб-сайты – қызмет көрсету шарттарын оқу мен қабылдаудың маңызын көрсететін өнер жобасы. Сайттың “Біз туралы” деген бөлімінде: “Адамзаттың қажеті үшін денемізді құрбан ету арқылы адамзаттың шамадан тыс көбеюі сияқты мәселені шешеміз. Адамзат қажеті үшін жаппай мал өсіріп, салдарынан климат өзгеріп жатыр, парник эффектісі пайда болды“. делінген.

Алайда сайттың “Шарттары мен ережелері” деген бөлімінде: “Бұл – өмірде жүзеге аспайтын, тек тұжырымдамаға негізделген өнер жобасы“, – делінген. Оған қоса онда Human Meat Project кез келген қызметпен танысудың және шарттарды қабылдаудың маңызын түсіндіруге арналған жоба екені айтылған.

Human Meat Project каннибализм туралы сайт па?

Осылайша, сайттың каннибализмге ешқандай қатысы жоқ.

Factcheck.kz