Beatles “соңғы әнін” жазу үшін Леннонның даусын ЖИ арқылы жасады

The Beatles тобы “соңғы әнін” жасанды интеллект арқылы жазды. Бұл туралы BBC Radio 4 басылымына сілтеп VC.ru хабарлады.

Топтың негізін қалаушының бірі Пол Маккартнидің айтуынша, олар 1970 жылдардағы демо жазбадағы марқұм Джон Леннонның даусын жасанды интеллект арқылы тазалап, оны әнге қосқан.

Алайда әнші жаңа әннің атауы мен мәтіні туралы ештеңе айтпады.

Ливерпуль университетінің музыка бойынша аға оқытушысы және The Beatles тобының жұмысы мен мұрасын зерттеуші Холли Тесслер бұл ән 1970 жылдардың соңында Леннон жазған «Қазір және содан кейін» деген әні болуы мүмкін екенін айтады.

Factcheck.kz