Alexa Үшінші дүниежүзілік соғыстың қашан болатынын айтты ма?

Желіде Amazon компаниясының Alexa деген виртуал көмекші құрылғысының видеосы тарады. Онда ол Үшінші дүниежүзілік соғыстың мерзімін айтқан деседі (мұнда, мұнда және мұнда). Full Fact фактчекерлері ақпаратты тексеріп көрді.

Alexa — дауыс арқылы басқарылатын виртуал көмекші. Видеода белгісіз біреу одан “Үшінші дүниежүзілік соғыс қашан басталады?” деп сұраған. Виртуал көмекші: “Үшінші дүниежүзілік соғыс 2023 жылғы 23 қарашада 18:05-те, Ресей Германияға шабуылдағанда басталады“, – деп жауап береді.

Алайда бұл видео және осы тектес басқа бейнелер шынайы емес. Alexa әзірлеушілері де, Full Fact фактчекерлері де құрылғыдан мұндай жауап ала алмады. Full Fact фактчекерлері де Alexa-ға дәл осы сұрақты қойған. Сол кезде құрылғы: “Үшінші дүниежүзілік соғыс гипотеза жүзіндегі жаһандық ауқымдағы әскери конфликт болып саналады” және “мұндай соғыстың болып-болмайтынын болжау мүмкін емес” деген.

2021 жылғы сәуірде TikTok-қа біз қарастырып жатқан видеоға ұқсайтын тағы бір бейне жарияланды. Ал Facebook-те аудиожазбасы, Twitter-де Alexa-ның түрлі құрылғысы көрсетілетін кадр тарады.  

Alexa-ны әзірлеген компанияның өкілі Newsweek журналисінің роликке қатысты сұрағына: “Бұл Alexa-ның жауабы емес және біз бұл видеоны қоса алмадық“, – деді.

Видеодағы жауап Bing іздеу жүйесі не Alexa Answers форумында көрсетілген ақылы жауаптар арқылы алынған болуы мүмкін. Жеке құрылғыларды Skill Blueprint онлайн платформасы арқылы теңшелген жауаптармен бағдарламалауға болады. Бұл жағдайда құрылғының иесі тіркеліп, сұрақ-жауапты өзі енгізеді.

Snopes фактчекерлерінің айтуынша, Үшінші дүниежүзілік соғыстың нақты мерзімін шығару үшін Alexa-ның жеке құрылғыларын бағдарламалап қойған болса керек.

Factcheck.kz