TikTok фейкпен күресу үшін жаңа функциясын іске қосты

TikTok әлеуметтік желісінде жалған ақпаратпен күресу үшін жаңа функциясы іске қосылады. Бұл туралы Sequrity Lab TikTok компаниясының өкілі Джин Эрнандестің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.

Бұған дейін әлеуметтік желіде жарияланған материалдарды TikTok-пен жұмыс істейтін арнайы қызметтер тексеретін. Егер олар фейк материалды анықтаса, видео платформадан өшірілетін.

Егер сарапшылар деректердің нақтылығына сенімді болмаса немесе олардың дұрыстығын растай алмаса жаңа функцияның көмегімен , TikTok “тексерілмеген контент” деген белгі қояды.

TikTok фейкпен күресу үшін жаңа функциясын іске қосты

Желі қолданушыларына мұндай видеоларды бөлісер алдында екінші рет “тексерілмеген контент” екені ескертеді. Эрнандестің айтуынша, функция АҚШ пен Канададан бастап алдағы аптада енгізіле бастайды.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz