Латвия бірнеше ресейлік телеарнаның жұмысын тоқтатты

Латвиядағы Tet телекоммуникация компаниясы 1 ақпаннан бастап Ресейдің бес телеарнасын республика аумағында трансляциясын тоқтатты. Бұл туралы Euronews.com сайты хабарлады.

Олардың арасында – ПБK (Бірінші арна бағдарламаларының ретрансляторы), “НТВ Мир”, “Рен ТВ Балтия”, “Кинокомедия” және “Киномикс” телеарналары бар. Мұндай шешім санкция ережесін сақталмауы мүмкін деген қауіп болған соң қабылданды.

Пакеттен алынған арналардың орнына көрерменге LTV7, 1+2, 3+, Мир, TVCi, “Дождь”, UATV, “Здоровое ТВ”, Eureka HD, “Пятница”, Current Time, TV21 ұсынылады.

Сонымен бірге, Латвияның электрондық БАҚ жөніндегі ұлттық кеңесі он күн ішінде республика аумағында “Россия-РТР” телеарнасының ретрансляциясын шектеуге байланысты шешімді қабылдауды жоспарлап отыр.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz