Қазақстандықтар тұрмыстағы зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу керек деп санайды

Қазақстандықтар тұрмыстағы зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу керек деп санайды. «Қазақстандағы әйелдердің қауіпсіздігі» тақырыбындағы сауалнамаға қатысқан респонденттің 89,4%-і осындай пікірде.

Зерттеу нәтижесі азаматтар Қазақстандағы гендер теңсіздігі пен тұрмыстағы зорлық-зомбылық мәселесін өзекті (69,5%) деп санайтынын көрсетті. Оған келіспейтіндері де бар. Мысалы, сауалнамаға қатысқан адамның 16,8%-і тұрмыстағы зорлық-зомбылық әр адамның жеке мәселесі екеніне сенімді, Ал 8,9%-тің пікірінше, мұндай мәселе мүлдем жоқ.

Респонденттің 79,5%-і тұрмыстағы зорлық-зомбылық үшін  қылмыстық жауапкершілікке тарту керек екенін айтады, 9,9%-і жартылай қолдайды. Ал 5,6%-і қарсы болса, қалған 3,4%-і сауалға жауап беруге қиналған.

Оған қоса азаматтардың үштен бірінен астамы (38%) Қазақстанда ерлерге қарағанда әйелдер жиі алалауға ұшырайтынын айтады. Бұл туралы айтқан респонденттің 50,1%-і – әйелдер, 23%-і – ерлер.

  • Қазақстандықтар тұрмыстағы зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу керек деп санайды

Ал сауалнамаға қатысқанның 2,3%-і, керісінше, ер адамдар жиі алалауға ұшырайды деп есептейді. 17,5%-і Қазақстанда әйелдер мен ерлердің бірдей алаланатынына сенімді. Респонденттің үштен бірі (33,5%) елде мұндай проблема жоқ деп есептейді.

Зерттеуде әйелдердің қай жерде құқығы көп бұзылатынын, қай жерде осал екені қарастырылды. Қорытындысы мынадай:

  • қоғамдық орындағы жеке қауіпсіздігі (23,5%);
  • жұмыспен қамту және жалақы (22,8%);
  • мансаптағы өсу мүмкіндігі (12,5%);
  • білімге қол жеткізу (9,6%).

Сауалнамада Қазақстандағы харассмент мәселесі де айтылды. Респонденттің жартысына жуығы (49,3%) бұл проблеманың өзекті екенін алға тартса, 40,4%-і олармен келіспеді. Олардың 21,9%-інің айтуынша, бұл – жеке мәселе. Ал 18,5%-і Қазақстанда мұндай мәселе жоқ деп санайды.

Респонденттер елдегі харассмент, тұрмыстағы зорлық-зомбылық мәселесін шешу үшін жазаны күшейту керек екенін (43%) айтады. Енді бір бөлігі проблемамен күресу үшін қоғамды хабардар ету қажет деп санайды. Қазақстандықтың 22%-і мектеп бағдарламасындағы адам құқығы курсын кеңейту қажет деп есептейді. Тағы 17,9%-і мемлекеттік деңгейде кең ауқымды білім беруді және ақпараттық науқан жасау керек екенін айтты.

Factcheck.kz