CPJ: Қырғыз билігі тәуелсіз журналистерді қудалауды доғаруы керек

Журналистерді қорғаумен айналысатын халықаралық ұйым (CPJ) Қырғызстан билігінен тәуелсіз журналистерді қудалауды доғаруын талап етті.

Ұйымның мәліметі бойынша, кейінгі екі жылда Қырғызстандағы баспасөз еркіндігі күрт нашарлаған: тәуелсіз журналист Болот Теміров депортацияланды, Азаттықтың Қырғыз қызметі бұғатталды, Kloop сайтына шабуыл жасалды. Енді тәуелсіз редакциялардың кеңселері мен журналистердің үйінде тінту жүргізілді, 11 журналист қамауға алынды.

Қырғызстан билігі Азаттық пен Kloop-ты қудалап болған соң, беделді 24.kg сайтына назар аударып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы болған журналист Болот Теміровтың Temirov LIVE арнасын нысанаға алып жатыр. Биліктің құпия деректерге қол жеткізгені, өте күмәнді негіздер бойынша барлық бөлшек сауда жабдықты тәркілегені туралы ақпарат қатты алаңдатады.

Гүлноза Саид, CPJ-тің Нью-Йорктегі Еуропа және Орталық Азия бағдарламасының үйлестірушісі

Ұйым Қырғызстан билігін бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне қысым көрсетуді тоқтатуын талап етті. Оған қоса 24.kg мен Temirov LIVE-ға қатысты барлық тергеу тоқтатылып, қазіргі және бұрынғы Теміров LIVE мүшелері босатылуы керек екенін мәлімдеді.

Factcheck.kz