Жартылай шындық | Martinelli және WhatsApp Gold вирусы туралы тараған хабарлама

Біз әлеуметтік желілердегі ақпаратты тексеруді жалғастырамыз. Бұл жолы Martinelli зиянды видеосы мен әлдебір WhatsApp Gold жаңартуы жайында болмақ. Бұл, шындық па, әлде..?

Жартылай шындық | Martinelli және WhatsApp Gold вирусы туралы тараған хабарлама

Хабарламаға сенсек, бұл вирус ұялы телефондағы барлық мәліметтерді жойып жібереді және оны қайта қалпына келтіру мүмкін емес екен. Factcheck.kz шын мәнінде смартфондарға қауіп төніп тұр ма деген сұраққа жауап іздеді.

Үкім: Жартылай шындық

Ойдан шығарылған қауіп: Шын мәнінде, «Martinelli» вирусты видеосы мүлдем жоқ.
Шынайы қауіп: Иә, WhatsApp Gold – танымал мессенджердің көшірме нұсқасы. Мұндай бағдарламалардың қауіпті болатыны айтпасақ та түсінікті.

Бұл хабарлама алғаш 2017 жылдың шілде айында Испанияда пайда болды. Сол кезде Испания Ұлттық Полициясы Martinelli видеосы туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Жартылай шындық | Martinelli және WhatsApp Gold вирусы туралы тараған хабарламаАйта кетейік, ескерту хабарлама әуелде ағылшын және неміс тілдерінде тараған.

Жартылай шындық | Martinelli және WhatsApp Gold вирусы туралы тараған хабарлама
Snopes-тың материалында бұл хаттағы сауатсыздыққа автоматты аударма жасау себеп болғаны жазылады.

Оның үстіне, егер хабарламаны мұқият қарасақ, грамматикалық қателердің бар екенін байқауға болады. Бұл – хабарламаның шынайылығына күдік келтіретін бірінші себеп.
Екінші және маңыздысы: видеофайлдан вирус жасау мүмкін емес. Вирусты сенімсіз сілтемелерге өтіп немесе белгісіз файлдарды (әсіресе .exe форматындағы) бастырып алу арқылы «жұқтыруға» болады.

1. Бағдарламалар мен мессенджерлерді уақытылы жаңартып тұрыңыздар, ол жалған және вирусты жаңартулардың алдын алуға көмектеседі.
2. Бағдарламаларды App Store және Google Play-ден ғана жүктеуге кеңес береміз.
3. Смартфоныңыздың қауіпсіздігі үшін антивирустық бағдарламаларды пайдаланыңыз.

Factcheck.kz редакциясы хабарламаларда айтылған ақпараттарға сенбес бұрын, тексеріп алуға шақырады. Өз бетіңізше фактчек жасауға біздің әдістемелік бөліміміз көмектесе алады.

 

Журналист factcheck.kz

Factcheck.kz