Фактчек | Шағын және орта бизнеске бөлінген несие көлемі

10 қарашада өткен Сенаттың кезекті отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов еліміздегі шағын және орта бизнеске жұмсалатын қаржы туралы бірер сөз қозғады. Министрдің айтуынша, бизнес саласын несиелендіру жыл сайын өсіп келеді. Осы орайда Factcheck.kz сайты ақпаратты тексеріп көрді.

Тайм-код: 1:35:40

Биылғы жылы біз бизнесті несиелендірудің өсіп келе жатқанын көріп отырмыз, иә, оның динамикасы төмендеп жатыр, бірақ әлі де өсім бар.

Ғалымжан Пірматов, Ұлттық банк төрағасы

Үкім: Техникалық қате

“Даму” кәсіпкерлікті дамыту қорының мәліметінше, биылғы жылы 10 айда 1,1 трлн теңге болатын 33 866 жоба қолдау тапты. Дегенмен министр “бизнес саласы” деп нені айтқаны белгісіз, сол үшін де біз нақты бір саланы көрсете алмаймыз.

Егер тау-кен секторын қоспағанда, экономиканың 10 айдағы даму көрсеткіші қарайтын болсақ, экономиканың барлық негізгі секторлары 4% – дан астам өсті.

Ғалымжан Пірматов, Ұлттық банк төрағасы

Үкім: Шындыққа жақын

ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сай, 2022 жылдың қаңтар-қазан айында 2021 жылдың дәл осы мезгілімен салыстырғанда расымен де тау-кен өндірісі өспегенін байқаймыз. Ал экономиканың нақты секторы 2,8%-ке ғана өскен. Қызмет көрсету 1,6%-ке өссе, салалар арасында ауыл шаруашылығы 8,2%, ақпарат және байланыс 7,1%, құрылыс 5%, өңдеу өнеркәсібі 4,3%, сауда 4,1% және көлік және қоймалау 3,9%-ке өскен.

Біз бұған дейін де экономикалық өсім жайында экс-премьер министрдің мәлімдемесін тексерген болатынбыз. Толығырақ төменде:

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz