Фактчек | Қазақстан-Әзірбайжан арасындағы тауар айналым жайлы

2 наурызда өткен Парламент Сенатының кезекті отырысында ауыл шаруашылық министрінің өкілі Әбілхайыр Тамабек фитосанитариялық нормалар жайлы баяндама жасады. Оның ішінде Әзірбайжаннан келетін өсімдік өнімдерінің экспорт көлемі туралы да атап өтті. Осы орайда Factcheck.kz министр өкілінің келтірген деректерін тексеріп көрді.

Тайм-код: 41:59

2022 жылғы өсімдік шаруашылығы өнімдерінің экспорты жалпы көлемі шамамен 295 мың тоннаны құрады, оның ішінде негізгі көлемді дәнді дақылдар құрайды [Әзірбейжан елі бойынша – ред.]

Әбілхайыр Тамабек, АШМ өкілі

Үкім: Шындық

ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылы қаңтар-желтоқсан айында Қазақстан Әзірбайжанға 300,5 мың тонна өсімдік өнімдерін экспорттаған. Оның ішінде 291 мың тонна бидай, 6 мың тонна күріш және 2,7 мың тонна бұрщақ дақылдарының көкеністері кіреді.

Өз кезегінде, Әзірбайжан Республикасынан Қазақстан аумағына шамамен 15 мың тоннаға жуық жеміс көкөніс өнімдері келеді.

Әбілхайыр Тамабек, АШМ өкілі

Үкім: Шындыққа жақын

ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сай, 2022 жылы Қазақстанға Әзірбайжаннан 8 мың тонна өсімдік өнімдерінің тауарлары импортталған. Министр келтірген деректен әлдеқайда аз.

Әзірбайжаннан келетін импорт негізінен алма, алмұрт, анар, жүзім және жаңғақтардың әртүрінен тұрады.

Әбілхайыр Тамабек, АШМ өкілі

Үкім: Шындық

ҚР Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сай, Әзірбайжаннан импортталған тауардың тең жартысы, яғни 4 мың тоннадан астамы алма, алмұрт, айва және жүзім.

Контекст

  • Жалпы алғанда 2022 жылы Қазақстан-Әзірбайжан арасындағы тауар-айналым 461,9 млн АҚШ долларын құрады;
  • Тауар айналымы өткен жылмен салыстырғанда 39%-ке артқан;
  • Қазақстаннан Әзірбайжанға экспорт көлемі 375,3 млн долларды құраса, импорт 86,6 млн долларға жеткен.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz