9 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет басшысы Олжас Бектеновты қабылдады. Премьер-министр елдегі егін науқаны бойынша жұмыстарды баяндай келе, дәнді дақылдар алқабының 4,5 млн гектар жиналғанын атап өтті. Сондай-ақ, былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда биылығы жылы астық бастыру 40%-ке артық екенін мәлімдеді. Осы орайда Factcheck.kz мемлекет басшысының мәлімдемелерін тексеріп көрді.
Мәлімдеме: Еліміздегі негізгі дәнді дақылдар алқабының 4,5 миллион гектарға жуығы немесе 27 пайызы жиналған
Олжас Бектенов, премьер-министр
Үкім: Шындыққа жақын
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратына сай, 10 қыркүйектегі жағдай бойынша шамамен 4,7 млн гектар немесе 28% дәнді дақыл жиналды. Орташа өнімділік бір гектарға шаққанда 14,9 центнерге жеткен.
2023 жылы 6 қыркүйектегі жағдай бойынша дәнді дақылдар жинау мөлшері бірдей болғанымен, орташа өнімділік 10 центнер ғана болған.
Мәлімдеме: Шамамен 6,6 миллион тонна астық бастырылды. Бұл былтырғы көрсеткіштен 40 пайызға артық
Олжас Бектенов, премьер-министр
Үкім: Шындыққа жақын
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 10 қыркүйектегі дерегінше, шамамен 6,9 млн тонна астық бастырылды. Ал 2023 жылы 6 қыркүйектегі жағдай бойынша 4,7 млн тонна астық бастырылған, яғни былтырғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 31,8%-ке артық.