Журналист Әсем Жәпішева 15 күнге қамауға алынды

Сот журналист Әсем Жәпішеваны 15 күнге қамауға шешім шығарды. Ол 20 қаңтарда Темірлан Еңсебекті қолдап, «Сатира – қылмыс емес» деген жазуы бар плакатпен пикетке шыққан. Бұл туралы «Тіл кеспек жоқ» телеграм-арнасы хабарлады.

Журналиске 488-бап бойынша «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды» деген айып тағылған. Жәпішеваның адвокаты Ғалым Нұрпейісов сот шешіміне апелляциялық шағым түсірмек.

Бұдан бір күн бұрын журналист әрі Art of Her журналының бұрынғы бас редакторы Руслан Бикетов те 15 күнге қамалды. Бикетов Qaznews24 парақшасының авторы Темірлан Еңсебектің қамауға алынғанымен келіспейтінін айтып, наразылық білдірген.

17 қаңтарда полиция Qaznews24 сатиралық парақшасының авторы Темірлан Еңсебектің үйін тінтіп, артынша екі айға қамағанын еске салайық. Оған 174-бап бойынша «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздырды» деген айып тағылып отыр. Белсендінің адвокаты Жанара Балғабаева Еңсебектің қамалуына ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки туралы сатиралық пост түрткі болған дейді. Оның сөзінше, сотқа дейінгі тергеу амалдары қылмыстық қудалау органының рапортынан басталған.

Басты беттегі сурет «Тіл кеспек жоқ» телеграм-арнасынан алынды.

Журналист

Factcheck.kz