Жүздеген компания Қытайдың деректерге қаупіне байланысты DeepSeek-ті бұғаттап жатыр

Қытайлық DeepSeek чат-боты осы аптада АҚШ-та үлкен танымалдыққа ие болды: ол Apple және Play Store дүкендерінде көш бастап, ал Microsoft сияқты ірі сервис провайдерлері оны өз платформаларына қосты. Бұл туралы TechCrunch жазды.

Алайда киберқауіпсіздік саласындағы Armis және Netskope компанияларының басшыларымен болған сұхбатқа сәйкес, «жүздеген» компания, әсіресе мемлекеттік құрылымдармен байланысы бар ұйымдар чат-ботты бұғаттаған.

«Негізгі алаңдаушылық – жасанды интеллект моделінің мәліметтерді Қытай үкіметіне тарату қаупі», – деп мәлімдеді Armis компаниясының техникалық директоры Надир Израэл.

Bloomberg Law-дың жеке мәліметіне сәйкес, Сан-Францискода орналасқан Fox Rothschild заң фирмасы да DeepSeek-ті бұғаттаған.

DeepSeek-тің құпиялылық саясаты бойынша компания барлық пайдаланушы дерегін Қытайда сақтайды, ал жергілікті заңдар бойынша ондағы компаниялар сұраныс түскен жағдайда бар мәліметті барлау органдарына тапсыруға міндетті.

Пентагон DeepSeek-ті бұғаттауды енді ғана бастаса, АҚШ Әскери-теңіз күштері (Navy) өткен аптада оны қолдануға тыйым салды.

Журналист

Factcheck.kz