ЖИ зиянды бағдарламаның мыңдаған нұсқаcын жасай алады

Киберқауіпсіздік зерттеушілері үлкен тілдік модельдер арқылы (LLM) JavaScript зиянды кодының жаңа нұсқаларын жасауға болатынын анықтады. Бұл әдіс кодты анықтауды қиындатады. Бұл туралы The Hacker News жазды.

“Үлкен тілдік модельге (LLM) зиянды бағдарламаны нөлден жасау қиынға соқса да, қылмыскерлер оны қайта жазу немесе шатастыру үшін оңай пайдаланады, ал бұл оны анықтауды қиындатады”, – делінген Palo Alto Networks Unit 42 зерттеушілерінің жаңа есебінде. 

Дегенмен уақыт өте келе зиянды бағдарламаларды анықтау жүйелері зиянды кодтың іс жүзінде қауіп төндірмейтініне көз жеткізуі мүмкін. Өйткені зиянды бағдарлама талдағышы 88% жағдайда өзгертілген бағдарламаның қауіпсіз екенін анықтаған.

Журналист

Factcheck.kz