Зеленский расымен «НАТО-ға кіру жөнінде Трамппен сөйлесудің мәні жоқ» деді ме?

Жақында Украина президенті Владимир Зеленскийдің «‎Мен Байденнен мені НАТО-ға шақыруды сұраймын… Ал Трамппен бұл туралы сөйлесудің мәні жоқ»‎ деп айтты деген сөзі тарады.

Қолданушылардың бірі «‎Зеленскийдің бұлай айтуға батылы жетеді» десе, бірі «‎әкем “жоқ” деп айтатынын білемін, сондықтан анамнан сұранамын»‎ дегендей пікір жазып жатыр.

Негізі 9 желтоқсанда Зеленский неміс оппозициясының жетекшісі Фридрих Мерц қатысқан баспасөз мәслихатында Джо Байденге әскери одаққа кіруге байланысты қоңырау шалатынын айтқан. Онда Трамппен сөйлесуге ешқандай себеп жоқ деген.

Бірақ желіде тарап жатқан жазбада Зеленскийдің сөздерінің түпкі мағынасы бұрмаланған. Шынтуайтында ол «Трамп әлі президент қызметіне кіріспегендіктен, онымен сөйлесудің мәні жоқ, Трамп Ақ Үйде болмаған соң, бұл нәрсені талқылауға оның заңды құқығы жоқ» деп айтқан.

Сондықтан Reuter агенттігі «жазбадағы Зеленский сөздерінің контексі бұрмаланған» деп мәлімдеді.

Басты беттегі сурет Euronews сайтынан алынды.

Журналист

Factcheck.kz