xAI компаниясы Grok-2 технологиясын іске қосты

xAI компаниясы бета режимінде жаңа Grok-2 және Grok-2 mini үлгілерін іске қосты. Олар X әлеуметтік желісінде суреттерді жасай алады және басқа үлгілердегідей шектеу қойылмаған. Бұл туралы SecurityLab хабарлады.

Қазіргі уақытта Grok-2 және оның шағын нұсқасы X платформасында сыналып жатыр. Жақын арада компания екі модельді де корпоративтік пайдаланушылар үшін API арқылы қолжетімді етуді жоспарлап отыр. Бұл озық технологияларды өз жобаларына енгізгісі келетін IT мамандары мен интеграцияға ұмтылатын компаниялардың назарын аударады.

Кейбір пайдаланушы тестілегенде саяси қайракеткерлердің бейнесін жасауға да қатысты шектеу жоқ екенін байқағанын айтады. Ал АҚШ-тағы президент сайлауы қарсаңында компанияға “модельге шектеу, сүзгі енгіз” деген қысым жасалуы мүмкін.

Сонымен қатар Grok 2 танымал брендтер мен өнімдерге қатысты бейнелерді де жасай алады. Технологияның бұл қабілеті оны басқалардан ерекше етеді.

Кейбір адам жаңа технологияда шектеудің болмағаны салдарынан жалған ақпарат көп тарауы мүмкін деп алаңдап отыр. Алайда компания технология жасаған контенттерге “ЖИ жасады” деген арнайы белгіні қойып-қоймайтыны әзірге белгісіз.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz