Цифрлық аватарлар: Australian Open теннис турнирін қалай трансляциялады?

Australian Open теннис чемпионатының ұйымдастырушылары спорттық кездесулерді траснляциялауға қойылған шектеулерді орағытып өтті. Олар ойыншылардың орнына Wii Sports бейне ойынындағы анимациялық аватарларды көрсетті. Бұл туралы 80Lv жазады. 

Цифрлық аватарлар ойын барысында спортшылардың қимылын қайталайды. Бұл шешім матчты еш қиындықсыз көрсетуге мүмкіндік береді, ал көрермендер ойындарды Youtube-тан тамашалай алады. 

Спорттық хабарларда адамдардың орнына цифрлық аватарларды қою жиі кездеседі. Құқық мәселесін шешуден бөлек, цифрлық кейіпкерлер жас аудиторияның назарын аударудың тәсіліне айналды.

Контекст

2022 жылы желіде словениялық теннисші Далила Якупович ковидке қарсы вакцина алғаннан кейін Australian Open-де есінен танып қалды деген видео тарады. Фактчекерлер бұл ақпаратың рас-өтірігін тексерді.

Журналист

Factcheck.kz