“Су перісінің суретіне” сенуге бола ма?

Facebook-те адамға да, балыққа да ұқсайтын қорқынышты тіршілік иесінің фотосы тарады. Agence France Press фактчекерлері суретте не бейнелегенін анықтап көрді.

«Америкалық судан қолы, денесі адамдікі сияқты балық табылды, бұл теңіз зерттеуі саласындағы серпіліс болды”, – делінген 2023 жылғы 2 мамырда жазылған хабарламада.

Бұл пост Facebook-тегі басқа парақшада да жарияланды.

"Су перісінің суретіне" сенуге бола ма?
Фото скрині

2022 жылы дәл осы сурет Қытайда тарады. Ол кезде “Балықты Оңтүстік-Қытай теңізінде ұстап алды” делінген еді.

Су перілері бірнеше ғасырдан бері еуропалық, африкалық фольклордың, голливуд фильмдерінің тақырыбына арқау болды.

Алайда фотодағы адамға ұқсайтын балық емес. Фактчекерлер кері іздеу жүйесі арқылы фотоның желіде 2018 жылдан бері бар екенін анықтады. Ол кезде ол Facebook-ке “PI-R2” деген атаумен жарияланған. Сипаттамасындағы ақпаратқа сәйкес, фотодағы объект Бангкоктағы Монгкут королі атындағы техникалық университеті өнер және сәулет факультетінің студенттері диссертация тапсырғанда көрмеге қойған жұмысы болып шықты. Парада Паттаракунприда деген студент оны силиконнан, смоладан, жасанды жүннен құрастырған. Автор туындысы арқылы қоғамның жануарлардың сезіміне қаншалық көңіл бөлмейтінін көрсеткісі келген.

2018 жылғы 18 маусымда ол Instagram парақшасына дәл осы суретті салған, дегенмен онда өзін Парада Виратсави деп таныстырған. Ал біраз уақыттан соң, 3 қазанда ол туындының басқа суреттін мына жерге жариялаған.

"Су перісінің суретіне" сенуге бола ма?
Жазба скрині

Автор өнер туындысы 2018 жылғы 10-28 қазан аралығында Таиландтың Ұлттық галереясында өткен 64-ұлттық өнер көрмесінде қойылғанын атап өтті.

Factcheck.kz