SpaceX иелік ететін және басқаратын Starlink спутниктік интернет қызметі лицензиясынан айырылып қалмас үшін және сол елде жұмысын жалғастыру үшін Бразилияда X әлеуметтік желісін бұғаттайтынын айтты. Бұл туралы CNBC хабарлады. Екі компанияда Илон Маскқа тиесілі.
Бразилияның Жоғарғы соты компания сот шешімдерін елемей, айыппұлдарды төлемеген соң елде X компаниясын бұғаттады: әлеуметтік желі соттың Бразилиядағы демократиялық институттарға зиянын тигізетін контентті жариялауды тоқтату туралы шешімін қабылдамады. Елде қазанда өтетін муниципалдық сайлауға дайындық жүріп жатыр. Сондай-ақ Жоғарғы Сот X желісіне айыппұлдарды төлеуді қамтамасыз ету үшін елдегі Starlink қаржылық активтерін бұғаттады. Елдің Жоғарғы судьясы Александр де Мораес Илон Масктың екі компаниясы бірлесе жұмыс істеп жатыр деген қорытындыға келді.