Желіде Кеңес басшысының демократия туралы мысқыл сөздері тарады. Сталин “Мен әрқашан демократияны халықтың күші деп ойладым, бірақ Рузвельт жолдас маған демократияның Америка халқының күші екенін түсіндірді” деп айтқан деседі. «Проверено» басылымы Сталиннің бұл мәлімдемені айтып-айтпағанын тексерді.
Фактчекерлер Сталиннің 18 том болған шығармалар жинағынан да, “орыс тілі корпусынан да”, “Google Books” жобасынан да, Кеңес басшысына арналған академиялық басылымдардан да мәлімдемені таба алмады.
Сонымен бірге Сталиннің расталған басқа мәлімдемелеріне қарап, оның Социалистік, “пролетарлық” демократияны қолдайтыны көрінеді. Мысалы, ол былай деген: “Капитализм кезіндегі демократия — капиталистік демократия, қанаушы азшылықтың демократиясы және көпшіліктің құқықтарын шектеуге негізделген және осы көпшілікке қарсы бағытталған”.
Интернеттің кері іздеу жүйесінің нәтижесіне сүйенсек, Сталиннің болжамды мәлімдемесі өте кеш пайда болған. Бұл туралы алғаш рет X және Facebook әлеуметтік желілерінде 2014 жылы, Telegram да 2019 жылы айтылған.
Сталинге тиесілі деп «Живой журнал» басылымына шыққан бұл мәлімдеме 2014 жылы кеңінен тарап кетті, бірақ ол оған дейін жарияланған. Ал Profos деген қолданушы 2009 жылы, vt4k деген атпен танымал блогер 2008 жылы осы ақпаратты таратқан.
Дегенмен олардың ешқайсы сенімді дереккөзге сілтеме бермеген. Бірақ бұл мәлімдеме сатира ретінде тарады деп болжауға болады. Мәлімдеме Сталин туралы танымал анекдоттардың стиліне сәйкес келеді, онда ол әңгімелесушілерін жолдастар деп атайды.
Фактчекерлер ХХІ ғасырда пайда болған мәлімдеме Сталинге ешқандай қатысы жоқ деген қорытындыға келді.