Ресейліктерге Қазақстан азаматтығын ұсынып жүргендер алаяқтар болуы мүмкін

Кейінгі кездері Қазақстан азаматтығы мен көші-қон мәртебесін алуға көмектесеміз деген жарнамалар қаптап кетті. Осы тұрғыда ішкі істер министрлігі алаяқтардан сақ болуды ескертті. Bes.media хабарлауынша, қазір ресейліктерге Қазақстан азаматтығын алу үшін 6,5 мың еуроны бөліп төлеуді ұсынған жарнама тарап жатыр.

Бұл ұйымдардың жеке басын куәландыратын құжаттарды немесе азаматтық беруге құқығы жоқ. Көп жағдайда олар алаяқ болып шығуы мүмкін. Осылайша адамдардың жеке деректеріне қауіп төнеді.

Ішкі істер министрлігі

Сонымен бірге, ІІМ алаяқтардың құрбаны болмау үшін қажетті құжаттардың тізімін, мемлекеттік органдардың ресми ресурстарында тапсыру тәртібін алдын ала нақтылауға кеңес берді.

Контекст 

2023 жылы KZ-CERT “Мемлекеттік техникалық қызмет” АҚ Қазақстанда кибершабуылдар санының артқанын хабарлаған. Ведомство статистикасына сүйенсек, оқыс оқиғалар саны өткен жылға қарағанда екі есе артқан. Factcheck.kz бұған дейін қазақстандықтардың жеке дерегі қалай жоғалатыны, оның салдары туралы жазған

Журналист

Factcheck.kz