Нүсрет аспаз ресейліктердің мейрамханаға кіруіне тыйым салды ма?

Желіде “Түріктің танымал аспазы Нүсрет Гөкче Ыстанбұлдағы мейрамханасына ресейліктердің кіруіне тыйым салды” деген мәлімдеме тарады. “Проверено” басылымы фактчекерлері ақпаратты тексеріп көрді.

Бұл ақпарат бірқатар жерде жарияланды (мұнда, мұнда, мұнда, мұнда).

Нүсрет аспаз ресейліктердің мейрамханаға кіруіне тыйым салды ма?

2017 жылы желіде Нүсрет Гөкченің етті ерекше әдіспен тұздаған видеосы тарады. Кейін ол дүниежүзіндегі танымал аспаздың бірі атанды. Қазіргі оның 22 мейрамханасы бар. Олар Түркия, Ұлыбритания, АҚШ, Грекия сияқты түрлі елде орналасқан.

Алайда ресейліктерге тыйым туралы ақпарат жалған. Біріншіден, ол өзінің Instagram парақшасында бұл ақпараттың “фейк” екенін мәлімдеді. Екіншіден, “Ресейліктерге рұқсат жоқ” деген жазуы бар сурет өңделген болып шықты. Үшіншіден, ол тыйым салса, тек бір емес, Ыстанбұлдағы алты мейрамханасына және басқа елдегі мекемелеріне де бұл заңды енгізер еді.

Нүсрет аспаз ресейліктердің мейрамханаға кіруіне тыйым салды ма?

Осылайша, Нүсрет аспаздың ресейліктерді мейрамханасына кіргізбеуі туралы тараған ақпарат жалған.

Factcheck.kz