Microsoft компаниясы ЖИ инфрақұрылымы мен бағдарламалық жасақтаманы дамытуды жеделдету мақсатында жаңа инженерлік ұйым құрды. Бұл туралы TechCrunch жазды.
Жаңа бөлімшені Meta компаниясының бұрынғы вице-президенті және жаһандық даму бөлімінің бастығы болған Джей Парих басқарады. Ол Microsoft корпорациясының бас директоры Сатя Наделлаға есеп береді әрі компанияның ЖИ платформасын мен даму топтарын басқарады.
«CoreAI платформасы мен құралдары» деп аталатын жаңа ұйымда корпорациядағы Div әзірлеуші командалары мен ЖИ платформаларының, техникалық директор кеңсесінің қызметкерлері бірлесе істейді. Қазір CoreAI жасанды интеллектке басымдық беру үшін әзірлеушілер тобын қайта құрып жатыр.
Сатя Наделланың хабарлауынша, Microsoft алдағы уақытта «барлық қолданба санатын өзгертетін» әрі «жаңа модельге негізделген» қосымшаларға көңіл бөледі.