Әлеуметтік желілерде Каспий жағалауында 30 тонналық кит табылды деген ақпараттар тарап жатыр (1, 2 ,3). Желідегі жазбаларда Каспий теңізінің Әзірбайжанға тиеслі жағалауында табылғаны жазылған.
Әзірбайжандық News.az басылымының дерегіне сәйкес бұл шын кит емес, инсталляция. Қазіргі таңда Баку қаласында COP29 атаулы климаттық конференция өтіп жатыр. Осы конференция барысында үлкен киттің моделі көрсетілген. Әзірбайжандық БАҚ бұл әрекеттің негізгі мақсаты, климаттың өзгеруіне назар аудару деп жазады. Мүсін авторы Бельгиялық Капитан Бумер арт-тобы. Бұған дейін кит мүсіні Париж, Цюрих және Бордо қалаларында көрсетілген.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.