Желіде CNN басылымында жарияланған “Илон Маск Tesla Cybertruck-тың шектеулі сериясын шығару үшін Бостандық мүсінін балқытуды қарастырып жатыр” деген мақаланың скрині тарады. Reuters агенттігі скриншоттың рас-өтірігін тексеріп көрді.
Скриншотқа сәйкес, мақала CNN басылымында 25 қарашада жарияланған, авторы — Брайан Стелтер деп жазылған.
Алайда скриншоттағы күн мен уақыт Брайан Стелтердің CNN-дегі “Илон Маск MSNBC арнасын сатып алуды жоспарлап отыр, бірақ ол арнаға қызығып отырған жалғыз миллиардер емес” деген басқа мақаласына сәйкес келеді. CNN өкілі Эмили Кун 3 желтоқсанда Reuters агенттігіне “Бостандық мүсіні туралы скриншот” ойдан шығарылғанын және “CNN бұл оқиғаны ешқашан жарияламағанын” хабарлады.
Расымен де, скриншот алғаш рет Reddit желісіндегі “R/PoliticalHumor” сатиралық парақшасында жарияланған және постта “бұл — әзіл” деп жазылған. Сондықтан “Масктың шектеулі Tesla өнімін шығару үшін Бостандық мүсінін балқытқалы жатқаны” туралы мақала жалған.
Басты беттегі сурет britannica.com сайтынан алынды.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.