Грузияда биліктегі «Грузин арманы» партиясының депутаттары 5 ақпанда өткен отырыста оппозициялық 49 әріптесін мандатынан айыруға дауыс берді. Бұл туралы Азаттық Радиосы хабарлады.
Осы шешімнен кейін Грузия парламентіндегі депутаттар саны 150-ден 101-ге дейін азайды. 2024 жылғы 26 қазанда парламеттік сайлаудан кейін оппозициялық «Өзгерістер үшін коалициясы», «Қуатты Грузия» және «Бірыңғай ұлттық қозғалыс» партиясының депутаттары сайлауды бұрмаланды деп айыптап, мандатынан бас тартатынын мәлімдеген.
Азаттықтың жазуынша, Конституцияға өзгерістер енгізуге дауыс жеткіліксіз, бірақ парламентте 12 орынға ие «Грузия үшін» партиясы бойкот жариялайтын болса, кез келген заңды қабылдауға жеткілікті болмақ.
2024 жылғы 26 қазандағы сайлау нәтижесінде «Грузин арманы» партиясы парламенттегі 150 орынның 89-ына ие болған. Сайлау қорытындысына қарсы оппозициялық партиялар мен коммерциялық емес ұйымдар наразылық акциясын бастаған. Билік Еуроодаққа қосылуды кейінге шегеру туралы шешім қабылдағаннан кейін наразылық күшейе түсті. Митиңге шыққан жұрт парламент сайлауын қайта өткізуді, Еуроодаққа қосылуға қатысты келіссөз жасауды талап етті.
Басты беттегі сурет Азаттық Радиосынан алынды.