Еуропалық комиссия Ресейдің Румыниядағы сайлауға араласқанын дәлелдейтін айғақтардан кейін TikTok-қа қатысты ресми сот ісін бастады. Комиссия TikTok-тың Еуропалық Одақтың цифрлық қызмет туралы заңнамасын бұзған-бұзбағанын анықтайды. Бұл туралы Euronews басылымы хабарлады.
24 қарашада Румыниядағы президенттік сайлауда тосыннан бұрын аса танымал болмаған ұлтшыл, еуроскептик Келин Джорджеску жеңді. Конституциялық сот Ресейдің сайлауға араласқаны туралы дәлелдерден кейін сайлаудың бірінші кезеңінің нәтижесін жойған.
Егер TikTok ЕО заңнамасын бұзғаны анықталса, оның жаһандық кірісінің 6% – на дейін айыппұл салынады. Еуропалық комиссия қорытындыны қашан шығаратынын айтпады.
Комиссияның пікірінше, TikTok-та тараған Джорджеску туралы контенттерді боттар мен жалған аккаунттар жарнамалауы мүмкін.