Жақында ChatGPT пайдаланушыларға Дэвид Майер есімді адам туралы сұраққа жауап беруден бас тартқан. Көп ұзамай чатбот Брайан Худ (Brian Hood), Джонатан Турли (Jonathan Turley), Джонатан Зиттрейн (Jonathan Zittrain), Дэвид Фабер (David Faber) және Гидо Скорза (Guido Scorza) сияқты адамдар туралы айтпай қойған. Бұл туралы TechCrunch басылымы жазды.
Чатбот қолданушыларға жай ғана “мен жауап бере алмаймын” деген.
Басылым желіде жасанды интелектінің осындай “ерекше қызметі” қастандық теориясына қатысы болуы мүмкін деген болжам тарап жатқанын айтты. Ал журналистер чатботтың неге бұндай қызмет көрсеткенін анықтапты. Соның негізгілерін тізіп шықсақ:
- Аталған есімдер мен фамилиялар Жер шарындағы әртүрлі адамға тиесілі. Бірақ олар іздеу жүйелері немесе ЖИ модельдері белгілі бір ақпаратты айтпауын қалайтын қоғамдық қайраткерлер болуы мүмкін.
- Мәселен, Брайан Гуд — Аустралиядағы қала мэрі, чатбот мэрді шамамен он жыл бұрын жасалған қылмыстың себепкері деп атаған. Ал Брайан ChatGPT-ді өрескел қате жасады деп айыптады. Дэвид Фабер — CNBC (АҚШ) телеарнасының тілшісі. Джонатан Турли — Fox News заңгері және комментаторы. Джонатан Циттрейн — Еуропа сотының “ұмытылу құқығы” туралы көп айтқан сарапшы. Ал Гидо Скорза итальяндық деректерді қорғау басқармасының директорлар кеңесінде қызмет етеді. Бұл адамдардың әрқайсысы белгілі бір себеппен жеке дерегін желіде шектеуді талап еткен болуы мүмкін.
- Ал Дэвид Майер — драматургия мен тарихтан сабақ берген профессор. Майер 2023 жылы 94 жасында қайтыс болды. Алайда бірнеше жыл бұрын іздеуде жүрген қылмыскер Майердің атын жамылып, профессорда заңды мәселелер болған.
Қорытындылай келе, сервисте заңды тұрғыда, қауіпсіздік, құпиялылық немесе басқа себептерге байланысты кейбір адамдар туралы ақпаратқа шектеу бар. Бұл нәрсе ЖИ-дің бақылауда екенін еске салады.