Бразилияда Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігін зерттеуді бастады

Бразилияда сарапшылар 25 желтоқсанда Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктерін егжей-тегжейлі зерттеуге кірісті. Бұл туралы Vesti.az басылымы хабарлады.

Қара жәшікті зерттеуге Қазақстан, Әзербайжан және Ресей сарапшылары да қатысады. Бұл процесті халықаралық бақылауға кепіл болады.

Негізгі міндеттердің бірі – виртуалды шындық технологияларын қолдана отырып, апаттың графикасын қайта құру. Бұл әдіс апатқа дейінгі оқиғаларды модельдеуге және оның себептерін барынша дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді.

Зерттеу нәтижелері болашақта осындай оқиғалардың алдын алуға көмектесуі мүмкін.

Контекст

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағанын еске салайық. Салдарынан 38 адам қаза тапты. Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ.

Euronews басылымы бұған дейін Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ ресейлік зымыраннан атылғанын мәлімдеген еді. Ресей президенті Владимир Путин өз бастамасымен Әлиевке қоңырау шалып, Әзербайжан басшысынан кешірім сұраған.

Басты беттегі сурет ТЖМ сайтынан алынды.

Журналист

Factcheck.kz