Бэтменнің образы жарқанат маскасын таққан қасапшының суретінен алынды ма?

Snopes фактчекерлері “Бэтменнің образын жарқанаттың маскасын таққан қасапшының фотосына сүйеніп жасалған” деген ақпаратты тексеріп көрді.

Басылымның хабарлауынша, кей дерек бойынша суреттегі ер адам Билл Смит деген қасапшы. Фото 1892 жылы Нью-Йоркте түсірілген деседі.

Бэтменнің образы жарқанат маскасын таққан қасапшының суретінен алынды ма?

Дегенмен Бэтменнің образы маска таққан қасапшының фотосына сүйеніп жасалмаған.

Фактчекерлер суретті өңдеуге және оған винтаж көрініс беруге маманданған Foto Marvellini деген фото мен өнер шеберханасының сайтын тапты. Ол 2011 жылы құрылған. Андреа мен Карло Марвеллини басылымға «Bat barbone» деген фото өздерінің жұмысы екенін және ол алғаш 2012 жылы басылып шыққанын айтты. Сонымен бірге олар 2014 және 2016 жылы Artribune журналына, il Fatto Quotidiano газетіне туындысы туралы мақала жарияланғанын мәлімдеді.

Фотосуретшілердің айтуынша, олардың командасы ескі техниканы қолданып, бұрынғыларды ерекше стильде бейнелейді.

Ал Бэтмен қалай пайда болды? Бэтмен алғаш 1939 жылы Detective Comics-інде бейнеленді. Оның авторы — Боб Кейн мен Билл Фингер. New York Times-тың Кейнға арналған 1998 жылғы мақаласындағы ақпаратқа сәйкес, автор 1920 жылдардағы “Зорро белгісі” фильмінен, “Көлеңке” радиошоуынан, 1930 жылдардағы “Жарқанаттың сыбыры” фильмінен шабыт алған. Онда жамылғы киген қылмыскер құрбандарын өлтірмес бұрын қабырғаға жарқанат эмблемасын жарқыратып түсіреді, ал тағы бір эпизодында ғимараттың төбесінде жамылғы желбіретіп тұрады.

Оған қоса Кейн суретші Леонардо да Винчиге шабыт сыйлағаны үшін алғыс білдірді: “12-13 жасымда кітаптан бәрі қалай басталғаны жөнінде оқып жүргенім есімде. Сол уақытта Леонардо да Винчи туралы кітапқа көзім түсті, үлкен жарқанат қанаттары бар ұшақтың суреті. Ол маған жарқанат сияқты көрінді».

Осылайша, фактчекерлер Бэтмен мен қасапшыға қатысты мәлімдеме жалған деген қорытындыға келді.

Factcheck.kz